Шымкент қаласының жинақтау пунктінде гарнизонның әскери полиция бөлімі өкілінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша сабақ өткізілді. Іс-шараға азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру іс-шараларына қатысы бар адамдар тартылды.
Шымкент гарнизоны әскери полиция бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аға офицері әділет капитаны Ербол Айтбаев сабаққа қатысушыларды көктемгі шақыру науқанын сапалы өткізуге, қолданыстағы заңнаманың тармақтары мен баптарына ерекше назар аударуға шақырды.
– Заңнамалық нормаларға сәйкес, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермей, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ете отырып, Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар қатарына көктемгі шақыру науқанын ұйымдастыру және өткізу – бұл біздің ортақ және басты міндетіміз, — деді әділет капитаны Ербол Айтбаев.
Әскери полиция өкілі Қарулы Күштерде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған іс-шаралар туралы да тоқталды.
Атап кетсек, 2021 жылғы 1 наурыздан бастап әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату Мемлекеттік қызметтер болып табылатынын және азаматтарға электрондық үкімет порталы арқылы ұсынылады.
ПІКІР ЖАЗУ