«Мәһр ретінде әлемді көрсетуге уәде бердім». Жанатбек Бәйтеков отбасы туралы ел білмейтін жайтты айтты

massaget.kz

Қазақстандық танымал актер Жанатбек Бәйтеков отбасы туралы сыр шертіп, үйленер кезде келіншегіне қандай уәде бергенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Жанатбек Бәйтеков «1001 түн» бағдарламасында қонақта болып, неге шетелге үнемі келіншегімен баратынын түсіндірді. Өнер иесі отбасын құрар алдында әйеліне бүкіл әлемді көрсетуге уәде еткенін айтты.

«Үйленген кезде бүкіл әлемді көрсетемін деп уәде берген болатынмын. Біздің кездегі мәһр сондай болды. Оған дейін Қазақстанды аралатамын дегенмін. Өйткені елімізде де небір тамаша жерлер бар. Бірақ қазір көбіне шетелге шығып жүрміз. Қазіргі коучтар әйел адамды құрметтеу туралы айтып жатыр ғой. Ол нәрсе қазақтарда бұрыннан бар. Бізде әйел затына деген құрмет ерекше. Олардың көңіл күйі жақсы болса, ер азаматтың да жұмысы алға басады. Соған көзім жетті. Жарым да маған берген уәдесін орындады. Үйдегі анасынан бала саны бойынша озды. Бүгінде көпбалалы отбасымыз», — деді

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Qazaqstan.tv Ұлттық телеарнасы (@qazaqstantv)

Оған қоса Жанатбек Бәйтеков бала-шағасы туралы айтып берді. Өнер иесә болашақта Олимпиада чемпионының әкесі болғысы келетінін жасырмады.

«Жеті перзентіміз бар. Үлкенім 16-да, кішісі 2-де. Болашақта ұлдарымның біреуі Олимпиада чемпионы болғанын армандаймын. Балаларымның спортқа икемдері бар. Бір ұлым дзюдоға қатты қызығады, енді біреуі футболды жақсы ойнайды. Сосын төрт ұлым үйленген соң, үлкен аулада төрт үй болып бірге тұруды армандаймын», — деді ол.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Qazaqstan.tv Ұлттық телеарнасы (@qazaqstantv)