Тоқаев халықпен бірге Шөмішбай Сариевтің концертің тамашалады

Бейнеден кадр

Астанада Қазақстанның халық ақыны, I дәрежелі «Барыс» және «Парасат» ордендерінің иегері Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған кеш өтті. Шараға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қатысып, ұлы тұлғаның рухына құрмет көрсетті, деп хабарлайды ozgeris.info.

Концертте қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, ақынның халық сүйіспеншілігіне бөленген әндері орындалды. Эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен «Айналдым сенен, Атамекен-ай», «Сәлем саған, туған ел», «Аяулым», «Өкінбе сен», «Сағындым сағым жылдар», «Дос керек» сияқты жүректі тербейтін туындылар шырқалды.

Шөмішбай Сариевтің шығармашылығы қазақ руханиятының қазынасына айналған. Оның өлеңдері мен әндері тек өнерсүйер қауымның ғана емес, тұтас қазақ халқының жүрегінен орын тапқан.

Бұл кеш ақынның есімін ардақтап, оның шығармашылық мұрасын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Көрермендер рухани әсер алып, ерекше қуанышпен тарасты.

Шөмішбай Сариевтің мұрасы ұлт мәдениетінің мәңгілік асыл қазынасы болып қала бермек.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Zhuldyzdy News, VINE’s 🇰🇿 (@zhuldyzdy_news)


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны