«Көңіл күйді түсіреді»: Жұлдыз Өмірғали не себепті парик киіп жүргенін айтты

Фото: Instagram/zhuldyzomirgali_official

Отандық танымал әнші әрі тележүргізуші Жұлдыз Өмірғали бүгінде неге парик киіп жүргенін ашып айтты. Өнер иесі көпшілік көкейінде жүрген сұраққа өзі жауап беруді шешкен, деп жазады ozgeris.info тілшісі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Жұлдыз Өмірғали көп сұрақ туындамас үшін бұл тақырыпқа нүкте қоюды жөн көрген. Ол Instagram-дағы парақшасында жазба жариялап, парик киюінің себебін түсіндірді. Сөзінше, үздіксіз түсірілімдерден кейін шашы қатты зақымданған.

«Шашыма қатысты өз ойыммен бөлісе отырайын. Соңғы 1 жылда менің түсірілімге қажетті құралдарымның бірі «парик» болып кетті! Себебі, қанша түсірілім болса, сонша рет шашқа түрлі зақым келтіретін құралдар пайдаланады. Ол жерде лак не гель туралы айтып та тұрған жоқпын! Бұның барлығы, әрине кері әсерін алып келеді! Шаш ұштанады, сынады, әлсізденіп, ренкі кетеді! Ұзын шашты қаласаңыз, жоғарыда айтылып кеткеннің бәрін аз мөлшерде пайдаланыңыз! Ал мен ай сайын шашымды бояп тұруым керек. Себебі ақ түсті шашыма. Оған қоса неше рет «осветление» жасадым, бәрі-бәрі көңіл күйді түсіреді! Қазіргі таңда осы парик арқылы шашым жақсы бір қалыпқа келіп қалды! Сондықтан, көп сұрақ туындамас үшін жауап беруді жөн көрдім», — деп жазды Айқынның келіншегі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Zhuldyz | Actress | Singer | TV host (@zhuldyzomirgali_official)