Алматыда 126-автобуста ер адам телефонмен сөйлесіп отырған әйелге қол көтерді, деп хабарлайды ozgeris.info, ZHEST_KZ telegram арнасына сілтеме жасап.
Оқиға Төле би-Тұрғыт Озал көшелерінің қиылысында орын алған. Куәгерлердің айтуынша, жанжал әйелдің дауыстап телефонмен сөйлесуінен басталған.
Ер адам оған ескерту жасаған, алайда оның жауабына көңілі толмағаннан кейін, ашуға беріліп, әйелді киімінен ұстап, автобустан шығарып тастамақ болды. Әйел оған қарсылық білдіріп, кері итергенде, ер адам оны ұрып жіберген.
Оқиғаға куә болған жолаушылар бұл әрекетке наразылық білдіріп, кейбіреулері жанжалды тоқтатуға тырысты.
Куәгердің мәліметінше, жанжалдан кейін тараптар полиция бөліміне жеткізілген. Құқық қорғау органдары қақтығыс себептерін анықтап жатыр.
Қоғамдық көлік жолаушыларының қауіпсіздігіне қатысты мәселе қайта көтеріліп, оқиға әлеуметтік желіде қызу талқылануда.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ПІКІР ЖАЗУ