Павлодарда жасөспірімдер жантүршігерлік жол апатына түсті

Фото: Pixabay.com
24 қарашаға қараған түні Павлодардағы Назарбаев даңғылында болған жол апаты салдарынан 16 жастағы жолаушы қыз қаза тауып, тағы екі кәмелетке толмаған бала әртүрлі ауырлықтағы дене жарақатын алды, деп хабарлайды ozgeris.info.

Бұл туралы Павлодар облысының балалар құқықтары жөніндегі облыстық уәкілі Сәуле Шәкенева Instagram-дағы парақшасында жазды.

«16 жастағы жолаушы қыз өміріне қауіп төндіретін жарақат алды, тағы бір 15 жастағы жігітке ота жасалды, қазір ауыр халде, үшінші жолаушы 14 жастағы жасөспірім ауруханаға жатқызылды, жарақаттары өміріне қауіп төндіріп тұрған жоқ», — деп жазды ол.