«Қалайша адамдар суықта күтіп тұруы керек?». Ақтөбеде жылы аялдамалар орнына бос алаңдар қалды

diapazon.kz

Ақтөбе тұрғындары қаладағы аялдамалар мәселесін әлеуметтік желілерде қызу талқылап жатыр. Соңғы бірнеше аптада қалада төрт аялдамалық павильон сүрілген, деп хабарлайды ozgeris.info.

Акимат жылы аялдамаларды жылдың соңына дейін орнатамыз деп уәде бергенімен, тұрғындар мұндай шешімнің дәл қыстың алдында қабылданғанына наразы.

Әлеуметтік желідегі пікірлер:

  • @iskakovk66: «Батыс-2, Мәңгілік Ел көшесінде аялдамалар жоқ. Оларды қашан орнатасыздар?»
  • @sober_mind_man: «2023 жылдың көктемінде бұрынғы аким жүз жаңа павильон салуға уәде берді. Бірақ не аким, не аялдамалар жоқ…»
  • @kotbegemot_0101: «Ескі аялдамаларды қыстың алдында алып тастап, жаңаларын орнату неге керек болды? Қарттар, балалар, мүмкіндігі шектеулі жандар қайда паналайды?»
  • @zhy.arman: «Сапалы ескі аялдамалар алынып, орнына тар, қыста да, жазда да ыңғайсыз аялдамалар қойылуда».

Қаланың басқа да аудандарында жағдай қиын: «Кірпішті» тұрғын массивінде аялдамалар толығымен алынып тасталған, ал «Курмыш» және «Шығыс» аудандарында жаңаларын орнату әлі басталған жоқ.

Тұрғындар акиматтан осы мәселені жедел шешуді сұрайды. Жылы аялдамалар қашан дайын болатыны әзірге белгісіз.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны