«Украинадағы жағдайға байланысты»: Тоқаев елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды тапсырды

Фото: TASS

Қазақстан басшысы премьер-министрге, президент әкімшілігінің басшысына, барлық күш ведомстволарының басшылары мен әкімдерге Украина төңірегіндегі жағдайдың шиеленісуіне байланысты негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі Orda.kz порталына сілтеп.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уали өзінің фейсбукінде мәлімдеді.

Сондай-ақ парламент палаталарының төрағалары қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етілді.

«Қазақстан екі славян халқы арасындағы соғыс қимылдарын келіссөздер арқылы тоқтату туралы мәселені бірнеше рет шешуді жақтады», — делінген хабарламада.

Елдегі жағдай президенттің жеке бақылауында.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают мгновенно! В 55 лет можно выглядеть на 25...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей