ММА сарапшысы Кенни Окойе қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмоновтың (18-0) ирландиялық Иэн Гэрриге (15-0) қарсы жекпе-жегіне өз болжамын айтты. Бұл туралы ozgeris.info тілшісі KAZ.NUR.KZ сілтеме жасап хабарлайды.
ММА сарапшысы Кенни Окойе YouTube желісіндегі ресми арнасында жариялаған видеода Шавкаттың жеңісіне толық сенімді екенін жеткізді. Тіпті қазақстандық жауынгер бұл жекпе-жекте жеңіске жетсе, өзінің үйін бәске тігетінін де әзілдеп айтты.
«Бұл кештің басты оқиғаларының бірінде бізді Шавкат Рахмоновтың жекпе-жегі күтіп тұр. Оны көргенде шыны керек, қорқамын. Оның қарсыласы – Иэн Гэрри. Бұл әлі күнге дейін «жеңілістің дәмін сезбегенердің шайқасы» болайын деп тұр. Мен Шавкаттың Иэн Гэрриді мерзімінен бұрын жеңетініне 100% сенімдімін. Қазақстандық жауынгер үшін Гэрри Белалмен салыстырғанда әлдеқайда оңай қарсылас болады. Белал 25 минуттық жекпе-жекке дайын болса, Иэн Гэрридің күші 15 минутқа ғана жетеді деп ойлаймын. Тіпті мен Шавкаттың жеңісіне үйімді бәске тігер едім (күледі). Гэрридің жетістіктері сәл асыра бағаланған. Ал Шавкаттың қабілеттері оны тоқтату үшін жеткілікті», — деді Кенни Окойе.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри 8 желтоқсанда таңертең Лас-Вегастағы (АҚШ) UFC 310 турнирінде күш сынасады. Олардың жекпе-жегі 5 раундқа жоспарланған.
ПІКІР ЖАЗУ