«Әйелі айтқандай, «аппақ» болса, тергеуге келсін!»: Адвокат Жанқош Тұраровқа ашуланды

Фото: instagram.com/klarita_os

2024 жылдың жазында белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлінің қызы боксшы Жанқош Тұраровтың үстінен зорлау ісі бойынша арыз түсірген болатын. Қазан айында қылмыс құрамы болмағандықтан, Жанқош Тұраровқа қатысты іс тоқтағаны хабарланған еді. Алайда, қыздың адвокаты Ләззат Ахатованың айтуынша, тергеу органдары істі қатты зерттеп жатыр, деп жазады ozgeris.info.

Ләззат Ахатованың айтуынша, іс бойынша жаңа тергеуші тағайындалған. Осы істі қарайтын бөлімшенің басшысы да жаңадан келген көрінеді.

«Әнарудың ісіне келсек, тергеу органы жанын салып, істі жан-жақты зерттеп жатыр. Тергеуші де, полиция бөлімінің басшысы да жаңадан тағайындалған. Алайда Жанқош Тұраров кімге сеніп жатқанын білмейміз, күнде қырық сылтау айтып, шақырғанға келмейді. Біресе адвокаты қалада емес, біресе өзі «қатты ауырып жатыр-мыс». Әйелі айтқандай, «аппақ» болса, келіп, өз уәждерін айтып, дәлелдерін ұсынбай ма? Оны мәжбүрлі түрде алдырту туралы талап қойдық», — деп жазды Ахатова.

 


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пока не стукнул инсульт и не лопнул сосуд, возьмите за правило...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей