Перизат Қайраттың «AMANAT» партиясына қатысы жоқ — Депутат

Фото: әлеуметтік желі

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының депутаты Елнұр Бейсенбаев Перизат Қайраттың ұсталуына қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Бейсенбаев «Біз біргеміз» қайырымдылық қорының «AMANAT» партиясына қатысы жоқ екенін айтты.

«Тергеу аяқталғанын күту керек. Сома да қомақты. Әрбір қайырымдылық қорының басшысы халықтан келген әрбір теңге үшін жауапты екенін білуі керек. «Біз біргеміз» қайырымдылық қорының «AMANAT» партиясына қатысы жоқ. Қордағы қамқоршылар жас волонтер болды. Бұл үш жыл бұрын болған оқиға. Қазір олар белгілі бір жетістікке жетіп, партия құрамына кірді, лауазымдарға ие болды. Ол кездегі жас балаларды волонтер, белсенді азаматтар ретінде білемін. Пандемия кезінде біз 600 мың азаматқа көмектестік», — дейді депутат.

Бейсембаев қайырымдылық қорларына тыйым салудың қажеті жоғын айтады.

«Бірақ олардың ашық әрі әділ жұмыс істеуін біз қамтамасыз етуіміз керек. Ол саяси мәдениетте ақшаның тазалығын қалыптастады. Әрине, халықтың аңқаулығын, сенімділігін қоғамда пайдаланатындар жоқ емес. Бұл осы қорға қатысты ғана мәселе емес. Ондайлар көп. Барлығын тексеріп, ретке келтіру керек. Өзім қайырымдылық қорларына көмектесіп тұрамын. Бірақ «Біз біргеміз» қорына ақша жібермедім. Су тасқыны кезінде біз партияның атынан көмектестік», — дейді Елнұр Бейсембаев.

Айта кетейік, Перизат Қайрат — «Biz Birgemiz Qazaqstan» қайырымдылық қорының төрайымы, Қазақстандағы белсенді еріктілер қозғалысының жетекшісі ретінде танымал. Ол су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету, Газа секторындағы гуманитарлық миссиялар және басқа да қайырымдылық шараларымен айналысып, қоғамда беделге ие болды.