19 қараша күні Шығыс Қазақстан облысындағы Усть-Каменогорск – Самарское тас жолының 75-шақырымында жарылыс болды. VOLVO маркалы жүк көлігі 3,8 тонна жарылғыш зат – Senate Magnum және Explo P тасымалдап келе жатқан, деп хабарлайды ozgeris.info.
Оқиға салдарынан көлік жүргізушісі мен жарылыс маманы көз жұмды. Олардың дене қалдықтары оқиға орнынан табылды. Жарылыстың күшінен көлік сынықтары жақын маңдағы төрт жеңіл көлікті зақымдап, бір жүргізуші жарақат алды. Зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілді.
Белгілі болғандай, жарылған көлік ШҚО-да орналасқан жарылғыш заттар мен пиротехникалық бұйымдарды өндіретін Industrial Explosives ЖШС-на тиесілі.
Қазір жарылыс себептері анықталып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Оқиға таулы аймақтарда жарылғыш заттарды тасымалдау қауіпсіздігін қайта қарау қажеттігін көрсетті.
@kimalmrrj2v Взлетела воздух #грузовик #горныеработы #дорога #пострадали #РК #Казахстан #расследование #уголовноедело ♬ оригинальный звук — Anastasia
ПІКІР ЖАЗУ