Атыраулық әжей TikTok арқылы миллионер атанды (ВИДЕО)

tiktok/ batistinajesi

Атыраулық Хадиша Айтмұхамбетқызы өткен жылы TikTok-та аккаунт ашып, аз уақыттың ішінде танымалдылыққа ие болды, деп хабарлайды ozgeris.info.

Әлеуметтік желіде өзін «Батыстың әжесі» деп атайтын Хадиша әже тікелей эфирлер өткізіп, жастарға өсиет сөздерін айтып, құрдастарымен көңілді уақыт өткізеді. Оның жылы сөзі мен өмірлік тәжірибесі көпшіліктің жүрегіне жол тапқан.

Жазылушыларының қолдауы мен донаттарының арқасында әжей TikTok арқылы 10 миллион теңге табыс тапқан.

Хадиша Айтмұхамбетқызы TikTok арқылы тек табыс тауып қоймай, көптеген жасқа өмірлік бағыт-бағдар беруде. Әжейдің ерекше қарапайымдылығы мен шынайылығы оның танымалдылығын арттыра түсті.

Қазір «Батыстың әжесі» өз аудиториясын кеңейтіп, алдағы уақытта жаңа жобалармен бөлісуді жоспарлап отыр.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы