Бұрынғы әкім, соттың хабарламасында айтылғандай, аты аталмаған көмекшісімен бірге несие алу үшін ЖШС қатысушыларының келісімінсіз жалған жиналыс хаттамаларын дайындап, содан кейін Бурабай ауданындағы ауыл тұрғындарының жер учаскелерін кепілге берген, деп хабарлайды Ozgeris.info.
«Сотталушы басқа тұлғамен сөз байласу арқылы ауыл тұрғындарының шартты жер үлестеріне құқықты иеленіп, жер учаскесіне құқықтарды аффилиирленген кәсіпорынға кепіл беру және иеліктен шығару жолымен жәбірленушілерге аса ірі мөлшерде материалдық залал келтірді», — деп сотта анықталды.
Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәгерлердің айғақтарымен, тінтулерімен, алынған төлем тапсырмаларымен және сарапшылардың қорытындыларымен дәлелденді. Бұл ретте жерлер зардап шеккендерге қайтарылды.
Ақмола облысының Көкшетау қалалық сотында Самат Ескендіров бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.
Сот актісі әлі заңды күшіне енген жоқ.
ПІКІР ЖАЗУ