Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов ағылшын тілін үйрену үшін 4 айға Лондонға (Ұлыбритания) оқуға бармақ. Бұл туралы спортшы «Ақтөбе» телеарнасына берген сұқбатында айтты.
Ақтөбеде өтіп жатқан дзюдодан Қазақстан чемпионатына арнайы қонақ ретінде шақырылған Елдос Сметов алдағы жоспары туралы сөз қозғады. Ол қазір ағылшын тілін үйренуді қолға алып жатқанын айтты.
«Келесі жылдың басында Лондонға 4 айға оқуға барамын. Ағылшын тілін үйрену үшін арнайы кетіп бара жатырмын. Құдай қаласа, Халықаралық дзюдо федерациясына (IJF) ағылшынша сұқбат беремін», — деді спортшы.
ПІКІР ЖАЗУ