Қарағандыда оқытушы студенттерге қол көтерді

Бейнеден кадр

Қарағандыда жоғары политехникалық колледждің мұғалімі студенттерге қол көтерді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада оқытушының әрбір студентке шапалақ жаудырып, біреуіне іштен соққы бергені көрінеді. Оқиға төртінші корпуста орын алғаны анықталды.

Видео кадрларында педагогтың студенттерді шулы әрекеттері үшін жазалағаны естіледі.

Қарағанды облысының білім басқармасы бұл оқытушының жұмыстан шығарылатынын хабарлады.

«Бұл оқытушы зейнеткер, колледжде аздаған сағатпен жұмыс істейді. Ол балалар мен ата-аналардан кешірім сұрады, алайда жұмыстан босатылады. Колледж атынан полиция департаментіне арыз беріледі. Ертең колледж әкімшілігі ата-аналармен кездесу өткізеді», — деп мәлімдеді ведомствода.

Сонымен қатар, Қарағанды облысының полиция департаменті бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын растады.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Назван продукт, спасающий сосуды лучше лекарств
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!