«Ешкім білмейді»: Бибісара Асаубаева алдағы уақытта саяси қызметке бет бұра ма

Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстанның танымал шахматшысы Бибісара Асаубаева болашақта саяси қызметпен айналысуына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Бибісара Асаубаева Instagram желісіндегі ресми парақшасында «Болашақта саяси қызметке ойысасыз ба?» — деп сауал жолдаған оқырманына жауап берді.

«Ешқашан деп айтпа. Өмірде не боларын ешкім білмейді, бірақ қазіргі таңда менің саясатқа қатысатын ойым жоқ. Бұл өте жауапты жұмыс, оған жайдан-жай бара салудың қажеті жоқ»,-деді Бибісара Асаубаева.

Айта кетейік, жуырда Шымкентте өткен ФИДЕ Гран-приінің екінші кезеңінде Бибісара Асаубаева әйелдер арасындағы жарыста қола медаль еншіледі.

9 турдың қорытындысы бойынша Қазақстан әйелдер құрамасының жетекшісі 5 ұпай жинап, жалпы Гран-при кестесінде екі кезеңнен кейін алғашқы орынға шықты.

instagram/bibisarachess