Қарағанды облысында көлік апатынан 7 адам қаза тапты

Қарағанды облысында көлік апатынан 7 адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ozgeris.info.

Қайғылы оқиға бүгін сағат 10.00 шамасында «Алматы-Екатеринбург» тас жолында Құрма ауылының (2 шақырым жетпей) маңында болған.

Алдын ала болжам бойынша Toyota Alphard жүргізушісі көлік тізгініне ие болмай аударылған. Көлік апаты салдарынан оқиға орнында жүргізуші және 6 жолаушы көз жұмды. Сондай-ақ 12 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізілді, — деп жазылған Қарағанды облысы ПД таратқан хабарламада.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция жүргізушілерден жол жүру ережесін қатаң сақтап, жылдамдықты шектен тыс асырмауды сұрайды.