Қазақстан тағы да жеңілді: 0:2

sport-pulse.kz

Қазақстан футбол құрамасы Австриямен матчта 0:2 есебімен тағы да жеңіліс тапты, деп хабарлайды ozgeris.info.

Бұл Ұлттар лигасының В тобындағы Қазақстан үшін бесінші матч болды. Алайда құрамамыз осыған дейінгі ойындардағыдай бірде-бір гол соға алмады.

Бірінші голды австриялық Кристиан Баумгартнер 15-минутта соқса, екінші гол матчтың соңғы бөлігінде тіркелді. Жанкүйерлер ұзақ күткен жеңіс бұл жолы да бұйырмады.

Ойыншылар Нұрәлі Әліп пен Ислам Чесноковтың алаңға сары қағаз санына байланысты шықпауы да матчқа әсерін тигізгендей. Бұған дейін 4:0 есебімен ірі жеңіліске ұшыраған құраманың бұл жолғы ойыны да көңіл көншітпеді.

Жақында федерация президенті Әділет Барманқұлов қызметінен кететінін мәлімдеген еді. Ал ұлттық құрама жаттықтырушысы Черчесовтың қазақ тіліне қатысты пікірлері халықтың наразылығын күшейте түсті.

Жанкүйерлер ұлттық құрамадан жаңашылдық күтіп отыр.

Ақпарат orda.kz сайтынан алынған.