Майк Тайсон көз түйістіру кезінде қарсыласын шапалақпен тартып жіберді (видео)

instagram/mostvaluablepromotions

Ауыр салмақтағы бұрынғы абсолют әлем чемпионы Майк Тайсон көз түйістіру рәсімінде блогер Джейк Полдың бетінен шапалақпен ұрып жіберді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Майк Тайсон мен Джейк Пол жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Кейін көз түйістіретін кезде Тайсон қарсыласының бетінен шапалақпен ұрып жіберген.

Айта кетейік, екі боксшы арасындағы жекпе-жек 16 қарашаға қараған түні Арлингтонда (АҚШ) өтеді. Кездесу 8 раундқа жоспарланған, әр раунд 2 минуттан болады.

58 жастағы Майк Тайсон 20 жылдан соң кәсіпқой рингке оралғалы отыр. Ол соңғы рет 2005 жылы жұдырықтасып, ирландиялық Кевин Макбрайдқа есе жіберген еді. Ал Джейк Пол соңғы мәрте биыл шілдеде шаршы алаңға шығып, UFC-дің бұрынғы жауынгері Майк Перриді жеңген болатын.

Пол кәсіпқой бокста 11 жекпе-жек өткізіп, 10 рет жеңіске жеткен (жетеуі нокаутпен) және бір рет жеңіліске ұшырады. Ал Тайсон 50 рет жеңіске жетті (44-і нокаутпен) және алты мәрте жеңіліс тапқан.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Most Valuable Promotions (@mostvaluablepromotions)

Ақпарат nur.kz сайтынан алынған.