Аралға «қолдан жаңбыр жауғызамын» деген өнертапқыш Алтай Айнабек енді Алматыны тазартуға кіріспек, — деп хабарлайды Ozgeris.info.
Жоба авторы бұған дейін Аралда жұмыс істеді. Оның бұл әрекеті қоғамда қызу талқыға түсті. Алтай Айнабектің сөзінше, осы жұмыстардың нәтижесін білу үшін Түркістан облысының шаруаларымен де кездескен. Риза шаруалар шапан жауыпты.
«Биыл Түркістанда бидай 20-25 центнерден рекорд өнім берді. Соңғы жылдары өсімдіктерді ауру етіп қырып бара жатқан, құрғаған Аралдан тараған тұзды у бұрынғыдай жайылмай, ағаштар қайта тірілді, көкөністерімізге дәріні аз берсек те өнім мол болды», — деп ырзалығын айтып, шапан жапты», — деді ол желіде.
Алтай Айнабек алдағы жоспары Алматыға қатысты екенін айтты. Жоба 20 қарашадан 2025 жылғы 15 cәуірге дейін жалғаспақ.
«Алматының ауасын тазарту революциялық жобамыздың сәтті шығуына шыр-пыр болып жүрміз. Миллиондаған адамның көзінше Алматы қаласының ауасының тазалығын қамтамасыз етіп отыру керек», — деді ол.
ПІКІР ЖАЗУ