Астанада әнші Димаш Құдайбергеннің інісі Әбілмансұр концерт-спектакльде өнер көрсетті, — деп хабарлайды Ozgeris.infо тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Концерт 9 қарашада Астанадағы Mega Silk Way кешеніндегі «LA’Театр» әртістерінің қатысуымен өтті. Әбілмансұр Құдайбергеннің Omir атты композицияны пианинода ойнаған видеосын Димаш Құдайберген Instagram-парақшасында бөлісті.
Елордадағы Sen men Sàt музыкалық театрының шығармашылық бірлестігінің әртістері театр қойылымдарында, кинофильмдер және сериалдарда басты рөлдерімен танымал өнерпаздар поэтикалық-музыкалық жанрда өнер көрсетті.
Әбілмансұр Құдайберген — жас музыкант, Қазақ ұлттық өнер университеті жанындағы колледждің электрогитара бағыты бойынша студенті. Мультиинструменталист, автор және аранжировщик өзінің ағасы Димаш Құдайбергеннің репертуарындағы If I Never Breathe Again, Omir және өзінің Together атты авторлық композициясын пернетақтада орындады.
ПІКІР ЖАЗУ