«Менің хотелкаларым тіпті маза бермейді». Ерке Есмахан хейтерлерге жауап берді

Instagram/raimusican

Қазақстандық әнші Ерке Есмахан өзінің күйеуі, танымал әнші Райымбек Бактыгерейевке (RaiM) қатысты сын айтқан хейтерлерге жауап берді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Instagram-сторисінде Ерке хейтерлердің пікірлерін бөлісіп, олардың некесі жайлы айтқан күмәнді ойларына жауап қайтарды.

Хейтерлердің бірі Еркенің RaiM-ға тек оның танымалдылығы үшін ғана назар аударғанын меңзеді. Жауап ретінде Ерке өз жазбасында сүйікті жарына қалжыңдай отырып, хейтерлердің пікірін мазақ етті.

instagram/stories/erke_esmahan

«Қымбатты атақты әртісім.  Астанадағы концертің басталып жатыр дәл қазір, сәттілік. Барлық билеттер сатылып кеткенін ескерсек, көп ақша табасың деп сенемін. Сондықтан мен де өзімнің қымбат «хотелкаларымды» дайындап қояйын»,-деп қалжыңдады Ерке.