Инстаблогер Айжан Байзақова өзінің оқырмандарының сұрақтарына жауап беріп, күйеуі Нұрбекпен қарым-қатынастағы қиындықтарын ашық түрде айтты, деп хабарлайды ozgeris.info.
Байзақова отбасында кикілжіңдердің жиі болатынын және оларды қалай шешетіндерін бөлісті. Блогер жанжалдан кейінгі таңның суретін де жариялап, сол күні ара-қатынастың мүлдем үзілетініне сенгендерін, бірақ таңертең бәрін ұмытып, тауға бірге шыққандарын айтты.
«Әдетте татуласуға бірінші болып Нұрбек келеді, ал мен ренжуді тез қоямын»,-деп мойындады Байзакова.
Сонымен қатар, Айжан күйеуінің балаларға ерекше қамқорлық жасайтынын, дәрі-дәрмекке дейін бақылап отыратынын да атап өтті.
«Тіпті, менің өзім балаларға ол сияқты мұқият қарамаймын»,- деді ол.
Ақпарат nur.kz сайтынан алынған.
ПІКІР ЖАЗУ