«Қытайдан әкелінеді»: Ләйлә Сұлтанқызы хит жүзімді жемеуге кеңес берді (ФОТО)

Коллаж: turkystan.kz

Атақты тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде трендке айналған жүзімдердің денсаулыққа кері әсері туралы айтты, деп хабарлады ozgeris.info.

Ләйлә Сұлтанқызының сөзінше, қант диабентімен ауратын кісілерге жүзімді жеу – ағзаға қауіпті, деп жазады turkystan.kz.

Сонымен қатар, бұл өнім Қазақстанда шығарылмайды және сыртындағы жазу көбінесе тұпнұсқаға жатпайтынын да айтты.

«Бір бұтағының бағасы Жапонияда 12-60 еуро арасында, Кореяда 37, еуро ал Қытайда 6-12 еуро екен. Бұдан шығаратын қорытынды, бұл жүзім Қытайдан әкелінеді. Дәмі өте тәтті. Қант құрамының калориясы 20-дан асады. Артық салмақ қосып аламын деушілерге мүлдем жемеуге кеңес беремін», – деді Ләйлә Сұлтанқызы.