Белгілі журналист, кәсіпкер Ләйлә Сұлтанқызы осыдан екі жыл бұрын қайтыс болған марқұм жолдасын есіне алды, деп хабарлайды ozgeris.info.
Айта кетейік, 2022 жылы «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені АҚ президенті Қайрат Беркінбаев қайтыс болған еді.
“Алланың алдында дәрменсіздігімізді мойындағанымыздың арқасында сынаққа сынбай, жер басып жүргендейміз. Көңіліме қаяу түскелі тура 2 жыл. Балаларымыздың алдында жылап, әлсіздігімді көрсете бермеймін, көрсеткім де келмейді… Бірақ осы уақытқа дейін іштей біраз дүниені түсіндім. Бүгін Қайрекеме құран бағыштап, ниет етіп жатырмыз”, – деп жазды медиа маманы.
Еске салайық, «Үшінші баланың анасы атанып үлгермедім» деп Ләйлә Сұлтанқызы өмірдегі өкінішін жеткізген еді.
ПІКІР ЖАЗУ