Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп мұғалімдеріне сынып жетекшілігі үшін берілетін ақыға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Айтуынша, осы мәселені ведомство Қаржы министрлігіне енгізген.
«Қазір бұл бағытта үлкен пысықтаулар жүріп жатыр. Толыққанды қабылданған кезде келесі жылдан бастап осы мәселе қолға алынады. Біз тек қана сынып жетекшілеріне қосымша төленетін ақыны көтерумен ғана емес, олардың жұмысының сапасын бірдей көтерілуіне де тиісті шараларды қабылдадық. Болашақта біз біргелкі көтеріледі деп ойлап қалмауымыз керек. Сапалы жұмыс істеп жатқан сынып жетекшілеріне бірінші кезекте қаржыны көтеруді қолға аламыз», – деді министр.
Ғани Бейсембаев әрі қарай қалған сынып жетекшілерін дайындықтан өткізу, біліктілігін көтеру мәселесі қолға алынатынын жеткізді.
«Бұған дейін маған өңірлерден сынып жетекші болуға ниетті мұғалімдердің де саны шамалы екені туралы ақпараттар келіп жетті», – деп атап өтті спикер.
ПІКІР ЖАЗУ