Журналист Ермұхамед Мәулен DOPE SOZ YouTube арнасындағы подкастында қазақстандық спортшыларда абырой жоқ екенін айтты, деп хабарлайды ozgeris.info.
Ермұхамед Мәуленнің айтуынша, егер ол олимпиада чемпионы болса, Қазақстандағы спорттың деңгейі нашар екенін айтатын еді.
«Қазір Қазақстанда қай спортшының артынан 15 адам ереді аулаға шығуға? Мен егер олимпиада чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы, Қазақстаннан шыққан спортшы болсам, мен тұратын да айтатын едім «Мынау қазіргі Қазақстанда болып жатқан оқиғалардың барлығы дұрыс емес! Мынаны реттеу керек. Ауылдық жерлердегі, облыстық спорт басқармаларда отырған адамдардың барлығының критерийі дұрыс емес. Кім көрінген отыр. Қайда бара жатыр қазақ спорты? Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, мынаған көзқарасыңызды салыңыз!, деп айта алатын ба едім? Айтатын едім. Осыған адамдар сенетін еді, шынымен қоғамда резонанс тудыртатын еді. Ал қазіргі спортсмендерде ондай жоқ. Көрдің ба? Көңіліп тумайды, мен ғана емес, тағы 19 миллион адамның көңілі толмайтын шығар деп ойлаймын», дейді журналист.
ПІКІР ЖАЗУ