Алдағы екі жыл ішінде Еуропа ресейлік газдан бас тартады. Бұл туралы Еуроодақ сыртқы саяси ведомствосының басшысы Жозеп Боррель Sky News Arabia-ға берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды “ozgeris.info” порталы.
Боррельдің сөзінше, Еуропа ресейлік энергия ресурстарынан бас тартуға емес, газ сатып алу көздерін әртараптандыруға тырысады. Өйткені Ресей «сенімсіз әріптес» болып көрінеді.
«Бүгінде біз ресейлік газ бен мұнайға қатты тәуелдіміз», — дейді Боррель.
Оның айтуынша, мұнда Қиыр Шығыс пен жасыл жобалардың ролі орасан.
“ozgeris.info” порталы
ПІКІР ЖАЗУ