«Оқушылар үйден оқиды»: Ертең Алматыда тағы да жер сілкіне ме?

Фото: Pixabay.com

Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері Алматы мен Алматы облысында 6 қарашада жер сілкінісі болады деген хабарламаға жауап берді, — деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Мұндай хабарлама ата-аналардың чатында тарап кеткен.

ТЖМ бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ведомство мәліметінше, алдағы уақыттары Алматы мен Алматы облысында 6 балл жер сілкінісі болады деген болжам жоқ.

ТЖМ тек ресми ақпараттарға сенуді сұрады.

Алматы облысының білім басқармасындағылар да бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, балалар 6 қарашадан бастап офлайн оқиды.