Бүгін қамауға алынған Хасан Қасымбаевтың анасы Гүлнар Нұракенова ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұраған болатын. Анасының ізін ала оның жұбайы Зүлфия Қасымбаева да өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ozgeris.info.
“Ол мал шаруашылығымен айналысады, шағын бетон шығаратын зауыты бар. Желіде тарап жатқан ақпараттар шындыққа жанаспайды. Біреу айтқан, ал қалғандары соны қолдап кетті. Оны шынайы танитын адамдардан сұраңыздаршы! Біз 15 жылдан бері бірге тұрамыз, үш баланы тәрбиелеп келеміз. Ал балаларына бұл жағдайдың психологиялық әсері қандай болып жатқанын ойлап көріңіздер,” – дейді Зүлфия Қасымбаева.
Еске сала кетейік, Хасан Қасымбаевтың “Хутор” бандасының жетекшісі ретінде ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Талғардағы 16 жастағы Шерзаттың өліміне “Хутор” бандасының қатысы бар деген хабар шыққан еді. Дегенмен, Хасан Қасымбаев бұл істе өз кінәсіздігін айтып, мәлімдеме жасаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ПІКІР ЖАЗУ