Талғарда үй жарылып кетіп, үй иесі қайтыс болды, — деп хабарлайды ozgeris.info.
«Қарындасым түнгі сағат 01:30 шамасында хабарласып, үй жарылып, мамамнан айырылып қалдық деді. Келсем, үй өртеніп жатыр, өртті өшірген соң анамның сүйегін алып шықтық. Қарындасым мен інімді жедел жәрдемге тапсырдым», — дейді марқұмның баласы Жандос Санғаджиев sputnik.kz-ке берген сұхбатында.
Айта кетейік, қайтыс болған әйел қызы жұмыстан келген кезде шай қоймақшы болған. Жарылыс сол мезетте болған. Әзірге оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатқаны хабарланды.
ПІКІР ЖАЗУ