Қазақстандық актриса және дизайнер Айжұлдыз Адайбековаға сүйіктісі, блогер Сәкен Қағаров Исландиядағы сарқырамада тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады, деп хабарлайды ozgeris.info.
Қазақстандық дизайнер және актриса, блогер Айжұлдыз Адайбекова тұрмысқа шығуға дайындықты бастап кетті. Бойжеткеннің сүйіктісі, экстремалды блогер Сәкен Қагаров Исландиядағы сарқырама жанында оған ұсыныс жасап, жүзік сыйлады. Айжұлдыз бен Сәкен бұл ерекше сәттің әсерлі әрі әдемі кадрларымен Instagram парақшасында бөлісті.
Публикацияның пікірлер бөлімінде Наzима, Мадина Сәдуақасова, Yenlik, Индира Еділбаева, Аша Матай, Санжар Мәди, Әсел Сағатова, Дина Тасбулатова, Айсәуле Бақытбек және басқа да танымал тұлғалар Айжұлдыз бен Сәкенді құттықтады.
“Құтты болсын! Бақытты болыңдар”, «Керемет. Өткенде ғана осы туралы ойлап едім. Құттықтаймын», «Тойға шақыруды күтіп отырмыз», «Бір-біріңді бағалап, жақсы көріңдер!» – деп жүрекжарды тілектерін жазды.
Ал Айжұлдыз анасы Жанар Айжанова да бәрімен қатар тілегін айтты.
«Алла бақыттарыңды еселеп берсін, жарықтарым. Құдайдан енді екі ботама жар бола гөр деп тілеймін! Алла тіл-көзден сақтасын! Бір жастықта қартайып, үбірлі-шүбірлі болыңдар. Бақытыңды тауыпсың Айкуша, құттықтаймын!», – деп жазды әнші Жанар Айжанова.
ПІКІР ЖАЗУ