«Бір қолмен төбелесемін». Шавкат Рахмонов күтпеген жерден басқа салмақта UFC чемпионына сес көрсетті

Жартылай орта салмақ дәрежесінде UFC чемпионы атағына үміткер Шавкат Рахмонов жартылай жеңіл салмақ дәрежесіндегі титул иегері, Испанияда тұратын грузин Илия Топурияны сынға алды, ол бұрын болашақта 77 килограммға көтерілуді жоспарлап отырғанын мәлімдеген болатын, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Ол TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфирге шығып, жанкүйерден Илия Топурия онымен төбелескісі келетініне пікір білдірді.

Топурия төбелесемін дей ма? Топурия ма? Қайдам, Топурияда шанс жоқ қой, бауырым. Топурияларға қайда… Белімнен келетін, қанша оның бойы, 170 па? Айта береді ғой… Шықса, аямай ұрасың ғой ондайларды, кішкентайларды. Салмағы да жетпейді, қыртқан әңгіме ғой ол, деді Шавкат.

Instagram stories-те ол Топурияның беті салынған адамға құмда ауырту әдісін өткізетін дөрекі редакцияланған фотосуретін жариялады.

Ержан, тұр! Топурия менімен төбелескісі келетінін естідім. Онымен бір қолмен төбелесе аламын, деді спортшы.

@serzhanu-😂

♬ оригинальный звук — 🇺🇸