Octagon 63 турнирінде үндістандық қарсыласын 8 секундта сұлатып салған Еркебұлан Тоқтар кезекті қарсыласын нокаутпен ұтты, деп хабарлайды ozgeris.info.
Соңғы жекпе-жегінде үндістандық Кушал Вясты (11-17) 8 секундта сұлатып, ең жылдам жеңіс ретінде рекорд қойған Еркебұлан Тоқтар кезекті рет жылдам жеңіске жетті. Отандасымыз Астанада өткен Dala Fighting Championship турнирінде мысырлық қарсыласы Хайсам Эльсаидпен жұдырықтасып, бір минутта нокаутқа жіберді. Осылайша, Тоқтар кезекті жекпе-жегінде жарқын жеңіске қол жеткізіп отыр.
ПІКІР ЖАЗУ