1 қарашадан бастап Астанадағы экспрес автобустарға айлық жол жүру билеті қолданысқа енеді. Қала ішінде қатынайтын автобустармен жүрудің айлық билеті 10 мың теңгеден, қалай іші мен қала маңына қатынайтын автобустарда жүрудің айлық билеті 13 500 теңге болмақ.
Бұл билеттерді «City Transportation Systems» ЖШС-ның кассаларынан немесе банктердің ұялы қосымшалары арқылы онлайн сатып алуға болады.
1 қарашадан бастап Алматының «Медеу» мұз айдынында қысқы сырғанақ маусымы басталады. Оған билетті кешеннің ресми сайтынан және Kaspi.kz, Halyk ұялы қосымшаларынан алуға болады.
Мұз айдынына мына санатқа жататын адамдар тегін кіре алады:
• 6 жасқа дейінгі балалар;
• зейнеткерлер;
• Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері;
• Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар;
• 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдар;
• I және II топтағы мүгедектер; көп балалы отбасынан шыққан, 18 жасқа толмаған балалар;
• балалар үйінде тәрбиеленушілер.
1 қарашадан бастап бірнеше өңірде электр қуатының тариф өседі. Нақты айтсақ:
«Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-нің тарифі 1 кВт/сағатқа 8,05 теңгеден 8,27 теңгеге дейін;
• «Еуразия энергетикалық корпорациясы» АҚ-да – 7,40 теңгеден 7,98 теңгеге дейін;
• «Астана-Энергия» АҚ-да – 8,49 теңгеден 9,28 теңгеге дейін;
• «Қазақстан алюминиі» АҚ-да – 6,05 теңгеден 7,87 теңгеге дейін;
• «Степногорск ЖЭО» ЖШС-де – 22,58 теңгеден 28,97 теңгеге дейін;
• «Жаңажол ГТЭС» ЖШС-де – 11,44 теңгеден 11,85 теңгеге дейін;
• «З-Энергоорталық» АҚ-да – 13,79 теңгеден 15,09 теңгеге дейін;
• «ТНК «Казхром» АҚ-да – 7,59 теңгеден 10,67 теңгеге дейін.
11 қарашадан бастап шоғырландырылған төлем тапсырмасы күшіне енеді. Бұл тетік салық төлеушілердің жұмысын жеңілдетуге арналған. Қарапайымдап айтқанда бірнеше салықтың түрін бір ғана құжатқа енгізу арқылы біріктіріп төлеуге мүмкіндік берілмекші.
14 қарашадан бастап мұнайдан сұйытылған газды Қазақстан аумағынан автокөлік арқылы және теміржолмен сыртқа шығаруға тыйым салу туралы Энергетика министрлігінің бұйрығы күшіне енеді. Бұл елдің ішкі қажеттіліктерін өтеу үшін қабылданған шешім. Шектеу 6 айға межеленген.
Бірақ бұл тыйымның транзиттік тасымалға қатысы жоқ. Яғни, экспорттың бастапқы нүктесі Қазақстан болмауы керек.
30 қарашада жазғы дөңгелекпен жүру маусымы ресми аяқталады. Яғни, 1 желтоқсаннан бастап қысқы дөңгелексіз жүрген көлік иелеріне 5 айлық есептік көрсеткіш (18 460 теңге) айыппұл салынады. Қысқа дөңгелекпен жүру маусымы 1 наурызға дейін жалғасады.
11 қарашада электронды әуежай мен вокзалдарда қазақстандықтардың электронды құжаттарын заңды құжат деп қабылдау туралы Көлік министрлігінің бұйрығы қоғамдық талқылаудан алынады. Бұл шара электронды құжаттардың қолданыс аясын кеңейте түсуге арналған.
ПІКІР ЖАЗУ