Жамбыл облысында аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 37 жастағы ер адам іздестіріліп жатыр. Ол өзінің жиенін зорлады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды ozgeris.info.
Осы факті бойынша ҚР ҚК 120-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды (жас балаға қатысты зорлау).
Қылмыс жасады деген екі күдікті анықталды.
«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде полиция қызметкерлері бір күдіктіні ұстап, қамауға алды. Екінші күдікті іздестірілді, оны ұстау бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда. Сондай – ақ мектеп қызметкерлеріне қатысты оқушының өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін ҚР ҚК 141-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта жедел-тергеу тобы жұмыс істейді. Қылмыстық іс ПД басшылығының бақылауында. Бұған дейін Жамбыл облысында 12 жасар қызды алты жыл бойы туыс ағалары зорлағаны белгілі болған.
ПІКІР ЖАЗУ