Белал Мухаммадтың Шавкат Рахмоновпен айқастан неге бас тартқаны белгілі болды

Жартылай орта салмақ чемпионы британиялық Белал Мухаммад қазақстандық Шавкат Рахмоновпен 7 желтоқсанда өтуі тиіс айқастан неліктен бас тартқанын түсіндірді, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі 1bol.kz сайтына сілтеп.

Аралас жекпе-жек шебері аяғына операция жасағанын айтты.

«Аяғымның сүйегіне инфекция жұқтырып алдым. Антибиотиктер салу үшін аяғыма операция жасауға тура келді. Алдағы алты апта бойы физикалық белсенділік танытуға тыйым салды. Алланың жоспары — үздік жоспар. Жоспарларыңызды бұзғаным үшін кешірім сұраймын. Жақында ораламын, Иншалла», — деп жазды ол.

Енді UFC Шавкат Рахмоновқа басқа қарсылас іздеп жатыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Belal Muhammad (@bullyb170)

Белал Мухаммад себебін түсіндіргеннен кейін, Шавкат Рахмонов өз жеке парақшасында қарсыласының денсаулығы үшін «бокал» көтерген бейнежазбасын жариялады.