«Өліп қаламын деп ойлайтынмын»: Шавкат Рахмонов қорқынышын айтты

Фото: tymaq.kz

UFC промоушенінде жұдырықтасатын қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов бала кезіндегі қорқынышы туралы айтты, деп хабарлайды ozgeris.info.

«Бала кезімде түнде далаға шығуға қорқатынмын. Далада жалғыз қалып қалсам жылайтын едім. Дегенмен есейе келе ол қорқыныш сейілді. Қазір жалғыз тауға да шыға аламын. Бұдан бөлек кішкентай кезімде бір жерімді кесіп алсам, «өліп қаламын» деп ойлап, қорқатынмын. Өйткені ағаларым «қазір бүкіл қаның ағып кетеді деп шошытатын еді», — деп еске алды Рахмонов Youtube-тегі Naiza TV арнасына берген сұқбатында.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов 7 желтоқсанда UFC чемпионы атағына таласу үшін жекпе-жек өткізеді. Ол АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін UFC 310 турнирінде жартылай орта салмақтағы чемпион Белал Мухаммадпен күш сынасады.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…