Бас прокуратура Павлодардағы әлеуметтік мекемесінде мүгедектігі бар балалардың соққыға жығылғаны туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Павлодар облысында «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасын іске асыру жалғасып жатыр, оның аясында қадағалау органы зорлық-зомбылық және басқа да құқыққа қайшы әрекеттердің қаупі бар «тәуекел аймағындағы» балаларды анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Облыс прокуратурасы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарда тұратын кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша тексеру жүргізіп жатыр.
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің облыстық психоневрологиялық балалар орталығы» КММ-нің бейнебақылау камераларын қарау кезінде тәрбиешінің кәмелетке толмағандарды ұрып-соққанын анықтады.
Бұл — денсаулық жағдайы бойынша дәрменсіз және психоневрологиялық патологиясы бар үнемі күтімді қажет ететін балалар.
Кәмелетке толмағандарды қинау белгілері бойынша Орталықтың қызметкерлеріне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы бойынша соталды тергеп-тексеру басталып, ол Полиция департаментіне тапсырылды.
Тексерулер жалғасып жатыр.
ПІКІР ЖАЗУ