Төреғали Төреәлі, Қайрат Нұртаспен ән орындаған Argonya қазір неге ән жазбай кеткені туралы айтып берді, — деп хабарлайды ozgeris.info.
Әнші Revue News бағдарламасына берген сұхбатында Қайрат Нұртаспен қарым-қатынасы туралы да баяндады.
«Соңғы рет Қайрат Нұртаспен 1-2 ай бұрын бір шарада кездесіп қалдық. «Ой, қалың қалай?» деп бір-бірімізді құшақтап, амандастық. Қал-жағдай білісіп қалдық. Одан кейін кездеспегелі біраз болыпты», — деп қысқа қайырды әнші.
Пандемия кезінде Argonya-мен фит жазу қазақстандық әншілер үшін үлкен жетістік еді. Алайда кейінгі кезде жаңа әні шығып жатқан жоқ. Әнші бұл мәселеге қатысты да сөз қозғады.
«Мені музам тәрк еткендей. Жанып кеткен сияқтымын. Шабыт болмай тұр әзірге», — деді ол.
ПІКІР ЖАЗУ