«Тоқаевтың тапсырмасы қайда қалды?». Шымкент әкімдігі Ордабасы ФК-на 1 млрд теңге сұрауда

Instagram/aigulorynbek_kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сырттан келетін легионерлерге тоқтау салуды тапсырған болатын, деп хабарлайды ozgeris.info.

Алайда Шымкент қаласы Спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков 7 қазанда мәслихат депутаттарының алдында «Ордабасы» командасының легионерлеріне гонорарға деп 1 миллиардтан астам қаражат сұрады. Бұған дейін қыркүйек айында Спорт басқармасының сатып алу порталында 893 миллион теңгеге бір көзден мемлекеттік сатып алу жарияланған еді.

«Жыл соңына екі ай қалғанда бұл қаржыны қандай мақсатта сұрауда? Және осындай қомақты сомаларды бір көзден беру қаншалықты заңды? Жыл басында «Ордабасы» үшін бөлінген 5 миллиард теңге неліктен жетпей жатыр?»,- деп сұрақ қойып, бөлінген ақшаның қайда кетіп жатқанын тексеруді талап етуде.

ҚР Бас прокуратурасы мен ҰҚК-ден, сонымен қатар, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтан бұл жағдайды қатаң бақылауға алып, тексеру жүргізуді сұрайды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Айгүл Орынбек (@aigulorynbek_kz)