Министр Карабаев қызметінен босатылуы керек пе?

primeminister.kz

Қазақстандағы жол апаттары мен олардың ауыр зардаптары көптеген сындарды тудырып келеді, деп хабарлайды ozgeris.info.

ОБОЖАЮ youtube арнасының мәліметінше, жол белсендісі Азамат Мұсылов министр Карабаевты сынға алып, оның әрекеттерін толықтай сәтсіз деп атады. Ол министрді жұмыстан босатып, министрлікті қайта құру қажеттігін баса айтты.

«Бұл жолда қаншама адам зардап шекті, тіпті қаза тапқандар да бар. Министрлік жаңа әдіс-тәсілдер ұсынатын қызметкерлерді жұмыстан шығарып жатыр, ал орнында тек бас изеп, қағазға қол қойып отырғандар ғана қалады»,-дейді Азамат.

Оның айтуынша, бұндай әдіс-тәсілдер елдің қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіреді.Белсенді министрліктен елдегі жол жағдайын жақсартуға нақты іс-шараларды талап етуде.