Қазаннан бастап «ҚазМұнайГаз» Қазақстанның ішкі нарығында жанармай тапшылығын болдырмау үшін Ресейден Аи-92 бензинін сатып ала бастады, деп хабарлайды ozgeris.info.
Сатып алу Башқұртстандағы «Газпром нефтехим Салават» ЖШҚ-нан және Татарстандағы «Таиф» компаниясына тиесілі Нижнекамск МӨЗ-нен жүзеге асырылады. Жеткізілімдер Атырау МӨЗ жөндеу жұмыстары кезеңінде отын нарығындағы тұрақтылықты қолдау үшін Солтүстік Қазақстандағы ЖҚС желілері бойынша бөлінеді.
Argus мәліметтері бойынша, ресейлік бензиннің бағасы акцизді және ҚҚС қоса алғанда тоннасына 270 мың теңгеге жуық. Салыстыру үшін, Петропавл, Қостанай және Қарағанды мұнай базаларындағы отандық бензин литріне 190-200 теңге тұрады. Қазақстан соңғы рет 2020 жылы Ресейден бензиннің ірі партияларын импорттаған.
Ақпарат Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии telegram арнасынан алынған.
ПІКІР ЖАЗУ