«Мұнымен тоқтамаймын». Ризабек Айтмұхан екінші алтын иеленді

vesti.kz

Қазақстандық еркін күрескер Ризабек Айтмұхан Албанияның Тирана қаласында өткен әлем чемпионатында екінші алтынды жеңіп алып, жастар арасында екі дүркін әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

97 килограммға дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда ол ирандық Махди Морафты 11:6 есебімен жеңді.

Qazsport берген сұхбатында Ризабек жеңістің оңай болмағанын мойындады.

«Қазақстан менден алтын күткендіктен, психологиялық жағынан оңай болмады. Мен өз мақсатымды орындадым деп ойлаймын. Мен мұнымен тоқтамаймын. Алда әлем, Азия чемпионаттары мен Олимпиада болады. Дайындалып, бар күш-жігерімізді саламыз», — деп бөлісті Айтмұхан.

Бұл жеңіс тарихи болды: Ризабек — еркін күресте жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын алған алғашқы қазақстандық және Тиранада подиумға көтерілген Қазақстанның жалғыз өкілі.

Ақпарат vesti.kz сайтынан алынған.