«Мойынсұнамын»: Төреғали Төрәлінің қарындасы өзінің берілетінін айтты

Фото: видеодан скрин

Блогер Фариза Төреәлі желідегі оқырмандарын ойландырып қойды, деп хабарлады Ozgeris.Info тілшісі.

Әлеуметтік желіде танымал психолог, коуч Фариза Төреәлі оқырмандарына ой салды. Блогер нәзік жандыларға әйелдік жаратылысынан алыстамай, өз рөлінен алыс кетпеуге кеңес берді.

«Мен енді ештеңені бақылауда ұстағым келмейді. Мен берілемін. Раббымның жазған жолына мойынсұнамын. Оған толықтай өзімді сеніп тапсырамын. Ешкімнен ештеңе күтпей, ешкімге ештеңе дәлелдемей тек өзім қалайтын нәрселерді жасағым келеді», — деп айтты блогер Фариза Төреәлі Instagram желісіндегі парақшасында.