Білім және ғылым министрі аппарат жиналысын өткізді. Асхат Аймағамбетов вице-министрлер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тапсырма берді. Бұл туралы Білім және Ғылым Министрлігінің баспасөз хатшысы жариялады, деп хабарлайды “ozgeris.info” порталы.
“Күн тәртібінде нормативтік-құқықтық актілердің тақырыптары, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмалары аясындағы жаңа заңнамалық түзетулер қаралды. Сонымен қатар министр ҰБТ-ны өткізу, олимпиаданың облыстық кезеңі, осы жылы оқулықтармен қамтамасыз ету, мектеп автобустары паркін жаңарту, ҰБДҚ деректерін кезең-кезеңімен ашу, мемлекеттік мектептердің жан басына қаржыландыру кезінде түзету коэффициентін қайта қарау, 1-сыныпқа балаларды қабылдау және т.б. қатысты тапсырмалар берді”, — делінген хабарламада.
ПІКІР ЖАЗУ