Тағы да Талғар: Бұл жолы 4 жігіт жасөспірім қызды зорлады деген күдікке ілінді

Фото: Pixabay.com

Алматы облыстық полиция кәмелетке толмаған қызды зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп жазады Ozgeris.Info.

«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер төрт күдіктіні де анықтап, ұстады және уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайлары анықталып жатыр»,- деп хабарлады ведомстводан.

Тергеу барысы облыстық полиция департаментінің бақылауында.