Әнші Айгүл Иманбаева анасының денсаулығы туралы сұхбатта айтып берді, деп хабарлайды ozgeris.info.
Жақында берген сұхбаттарының бірінде ол анасын Стамбулға тексеруге қалай алып кеткенін айтып берді.
«Анамның анализдерінен ақаулар шығып, Стамбұлға тексертуге апардым. Бүкіл ғұмырым көз алдымнан өте шықты. Мәңгілік жүретін сияқты, адамның рухы өлмейді ғой, сол себепті де сондай сезім болатын шығар. Осы тексеруге апарғанда көп дүниені бастан өткеріп, сабақ алдым. Осы сапар 10 күннің ішінде көп жасқа есейтіп жіберді»,-деп мойындады Айгүл.
Ол сондай-ақ қайтыс болғанға дейін үш ай бұрын татуласқан әкесін еске алды.
«Қалай әкемнің батасын алдым, солай тұрмысқа шықтым. Әлемге көп жол ашылды. Лондонға кетер алдында әкем концертке келді. Сонда айтылған барлық сөз алғашқы және соңғысы болыпты. Сол концерттен кейін 3 айдан соң әкем қайтыс болды. Әкемнен кешірім сұрап үлгердім. Ол кісінің батасын алдым»,-дейді Иманбаева.
ПІКІР ЖАЗУ