«Тұтынбаған жөн»: Зерттеуші жылқы етінің харам екенін айтты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Желіде Қазақстандағы халал индустриясы бойынша зерттеулер жүргізетін Агат Гидің жылқы етіне қатысты айтқан сөзі тарады, — деп хабарлайды Ozgeris.Info тілшісі.

Оның сөзінше, жылқы етін мұсылмандардың ас ретінде тұтынғаны дұрыс емес.

«Жылқының етін харам дей алмаймыз. Бірақ жылқы еті — макрух болып саналады. Яғни, тұтынбаған жөн. Макрух  түсінігінде халалға жақыны да, харамға жақыны да бар. Абу Ханифа мазхабы бойынша бұл макрух харамға жатады. Дубайда да солай саналады. Бірақ Қазақстанда Абу Юсуфтың ойын көбірек ұстанады. Ол бойынша жылқы еті халалға жақын макрух», — деді ол.

Желі қолданушылары, зерттеушінің бұл ойына жаппай қарсы шықты.

«Арабтың дінін айтып шаршатты. Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бұрын жеген екен, біз де жейміз», «Дінді түсінбейтіндер дінді үйретіп болды-ау», «Оттаған әңгіме», — деп жазды олар.

Watch on TikTok


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!